БҚО-да тұрғындардың шағымынан соң 23 полиция қызметкері жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың шағымынан соң 23 полиция қызметкері жазаланды. Бұл туралы БҚО Ішкі істер департаментінің үйлестіру кеңесінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД».
None
None

БҚО ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Жасталап Сағадетовтың айтуынша, Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылының 3 тұрғыны жергілікті басылымдардың біріне сұхбат беріп, өткен жылдың қараша айында өздерінің малдары жоғалып, полицияға шағымданғандарын айтқан.

Тәртіп сақшылары жоғалған малды таппаған, тұрғындардың айтуларынша, олар тіпті малды іздемеген де. Есесіне тұрғындардың өздері сұрастыра келе ұрланған малдарын ауылдан алып шығып, қалаға апарып, ол жақтан еш кедергісіз Бөкейорда ауданына жеткізілгендігін анықтаған.

Тұрғындардың шамына тигені - не жол полициясы қызметкерлері, не орал қаласындағы стационарлық пост қызметкерлері ұрыларды тоқтату үшін қандай да бір шара қолданбаған.

«Осыған қарай арнайы қызметтік тексеру жүргізіліп, біз Бұлдырты ауылының тұрғындарымен сөйлестік»,-деді Сағадетов.

Тұрғындардың айтқандары расталды. Соның нәтижесінде Сырым ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, ауылдың учаскелік инспекторы, кезекші инспектор, жол полициясы мен стационарлық посттардың барлығы 17 қызметкері жауапқа тартылған.

Тура осындай жағдай БҚО-ның Қаратөбе ауданында да қайталанған. Онда қызметтік тексеруден соң 6 полиция қызметкері жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар