23:01, 09 Шілде 2013 | GMT +5
БҚО-да үш күнде үш адам суға кетті
ОРАЛ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері үш адам суға кетті.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5 шілде күні кешкісін Тасқала ауданы Айнабұлақ ауылы маңында 1989 жылғы Г. деген азамат Деркөл өзеніне батып кеткен. 6 шілде күні Орал қаласы «Металлист» зауыты ауданында 1982 жылғы Е. Жайық өзеніне суға кеткен. 7 шілде күні Орал қаласының тағы бір тұрғыны 1987 жылғы У. Шаған өзенінен қайтып шықпады.
Бұлардың үшеуі де суға түсуге арналмаған жерде шомылған, яғни сақтық шараларын сақтамаған.