18:10, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
БҚО-да жел күшейіп, ауа райы құбылады
ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО гидрометеорологиялық орталығының мәліметіне қарағанда, 28-29 ақпан күндері өңірдің кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22

метрге дейін жетпек.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар басқармасы ескерту жариялап, тиісті орындарға хабарлады. Әсіресе, қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелер басшылары электр және байланыс желілерінің тұрақты жұмыс жасауын қадағалауы тиіс.
Бұдан бұрын 25-26 ақпан күндері ауа райының күрт құбылатыны жөнінде алдын ала дәл осындай ескерту жарияланған болатын.