17:05, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
БҚО-да желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 7-8 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Оралда желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Осыған орай ТЖ департаменті ескерту жариялады. Өңірде төтенше жағдайларды болдырмау бағытында шаралар алынуда.