БҚО-да жол-көлік оқиғалары 21,3 пайызға көбейіп отыр

ОРАЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2011 жылы 302 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 80 адам қаза тауып, 317-сі түрлі жарақат алды, бұл көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда, сәйкесінше 21,3, 3,9 және 33,2 пайызға көбейіп отыр.
None
None

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаттарының көпшілігі Орал қаласының үлесіне тиеді. Атап айтқанда, облыс орталығында 200 оқиғадан 30 адам мерт болып, 183-і жарақаттанды, бұл 2010 жылғыдан тиісінше 35,1, 50,0 және 28,0 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар