13:29, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
БҚО-да жүк тасымалдау көлемі 16,3 пайызға өсті
ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 20018,1 мың тонна түрлі жүк тасылды, бұл өткен жылғыдан 16,3 пайызға көп.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде автомобильмен 19903,1 мың тонна, өзен көлігімен 115,0 мың тонна жүк тасылған.
Жүк айналымы 1193,0 млн. тонна/шақырымға жетті, бұл өткен жылғыдан 34,8 %-ға артық.
Облыс бойынша жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 34,1 %-ға өсіп, 220,7 млн. адам көздеген жеріне жеткізілді.
Жолаушы айналымы осы кезең ішінде 3692,3 млн. жолаушы/шақырымды құрап, 24,4 %-ға көбейді.