17:35, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
БҚО-да «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес 2012 жылға 5,6 млрд. теңге бөлінді
ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес 2012 жылға 5,6 млрд. теңге бөлінді.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен бөлінген 307 млн. теңгеге жуық қаражатқа 1763 жасты тарту жоспарланса, бүгінгі күні соның 1549-ы әр салада жемісті жұмыс жасап жатыр.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі жоспарланған 5,9 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеді. Жарты жылдың ішінде жаңадан 6082 жұмыс орны ашылды. 7362 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2012 жылдың І жартыжылдығында аудандарда және Орал қаласында белгіленген кесте бойынша бос орындарға 23 жәрмеңке өткізіліп, 1200 жұмыссыз адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.