15:21, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
БҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 1384,8 млн. теңге бөлінді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 1384,8 млн. теңге қарастырылды.
БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 465,7 млн. теңге шағын несиелеуге, 489,9 млн. теңге инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға, 216,8 млн. теңге еңбекке орналастыруға ықпал етуге бөлінді.
Биылғы он айда өңірде 8511 жұмыс орны ашылды. 8669 адам еңбек орнын тапса, соның 3927-сі аталған бағдарлама шапағатын көрді. Жастар тәжірибесіне 1316 адам жолданса, соның 791-і бағдарлама арқылы жіберілді.
Биылғы үшінші тоқсанда орташа айлық жалақы 6,1 пайызға өсіп, 166066 теңгеге жетті.
Айта кетейік, үшінші тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр.