БҚО-да жүргізушілер мен көлік құралдарына қатысты қылмыс саны 31,1 пайызға азайды

ОРАЛ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да жүргізушілер мен көлік құралдарына қатысты қылмыс саны 31,1 пайызға азайды.
None
None

Облыстық жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Төлеу Бедровтың мәліметіне қарағанда, 2010 жылы осындай 119 оқиға тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 82-ге дейін төмендеді, соның 95,1 пайызы ашылып отыр. 2010 жылы үш қарақшылық қылмысы болса, өткен жылы сондай оқиғаның біреуі ғана орын алды.  Автомотокөлік құралдарының ұрлануы да 66,7 пайызға қысқарды (2010 жылы - 3, 2011 жылы -  1). Автомотокөлікті айдап кету 30 пайызға кеміп, соның 94,9 пайызы ашылды.

Сондай-ақ өткен жылы жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 814 (2010 жылы - 807) қылмыс әшкереленді.

Соңғы жаңалықтар