09:30, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
БҚО-дағы дала өрті 180 тонна шөп пен электртасымалдау желісінің 9 діңгегін өртеп кетті
АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында өткен сенбі күні дала өрті орын алды.

Жалынның аумағы 200 гектар жерді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жаудың салдарынан 180 тонна шөп пен электртасымалдау желісінің 9 діңгегі өртеніп кетті. Өрт тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысы, Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 4 адамы мен 1 техниканың, сондай-ақ жергілікті 19 тұрғын мен 5 техниканың арқасында сөндірілді.