БҚО-дан 200-ге жуық жас әскер қатарына аттанды

ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Күні бүгінге дейін көктемгі әскерге шақыру кезінде Батыс Қазақстан облысынан 193 жас азаматтық борышын өтеуге аттанды.
None
None

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Альберт Жакьяевтің айтуынша, қазір олардың алғашқы легі Ақтау қаласындағы шекара қызметі, Астанадағы Қорғаныс министрлігінің «Ұлан» гвардиясы және Алматы облысының Жетіген, Үшарал аудандары, Алматыдағы әскери бөлімдерде жауынгерлік міндеттерін атқаруға кірісті.

Маусым айының аяғына дейін созылатын науқан барысында өңірден 900-дей жас әскер қатарына алынбақшы.

Соңғы жаңалықтар