БҚО: Ембулатовка өзенінде мұнай қалдықтары ағып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Январцево ауылының тұрғындары Ембулатовка өзеніндегі су қара түске боялып, канализация қалдықтарының иісі мүңкиді деп дабыл қағуда. Бұл туралы ҚазАқпарат uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Басылымның жазуынша, ауыл тұрғындары мұнда малдың өзеннен су ішпей қойғанын байқаған. Жергілікті тұрғындар мұнай қалдықтарын өзенге төгеді деп мұнай өндіруші компанияларды кінәлап отыр.

Өкініштісі, мұнай компанияларының Ембулатовканы ластау оқиғасы бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар