БҚО халқы 612 мыңнан асты

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 612,2 мың адам тұрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 296,0 мыңы (48,4 %) - қала және 316,2 мыңы  (51,6  %) ауыл тұрғындары болып отыр.

Облыс халқының жалпы саны 2011 жылдың қаңтар-қарашасында 3918 адамға, соның ішінде қала халқы 6065 адамға көбейіп, ал ауыл тұрғындары  2147 адамға азайды.

2011 жылдың қаңтар-қарашасында АХАЖ органдарында 10963 нәресте тіркелді, бұл 2010 жылдың қаңтар-қарашасынан 0,4 %-ға көп. Дүниеге келген сәбилер саны облыстың жеті ауданы мен Оралда өсіп отыр. Әсіресе, бұл жөнінен Жәнібек (19,7 %-ға) және Қаратөбе (11,3 %-ға) аудандары алда тұр. Облыс орталығында дүниеге келген 5345 сәби тіркелген, бұл барлық туылғандардың 48,8 %-ын  құрайды.

Соңғы жаңалықтар