18:25, 16 Қазан 2012 | GMT +5
БҚО халқы 616 мыңнан асты
ОРАЛ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының халқы 616,1 мыңға жетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 301,3 мыңы немесе 48,9 пайызы - қала, 314,8 мыңы немесе 51,1 пайызы - ауыл тұрғындары.
Биылғы сегіз айда облыс халқы 3527 адамға, соның ішінде қалалықтар 4225-ке көбейсе, ауылдықтар есесіне 698-ге азайды.
Осы мерзімде дүниеге 8163 нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылғыдан 4,7 пайызға артық. Сондай-ақ 3932 адам өмірден өтті, бұл өткен жылғыдан 1,7 пайызға кем.