11:48, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
БҚО халқы 627 мыңға жуықтады
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы 626,8 мыңға жетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның 286 мыңы немесе 45,6 пайызы - қала, 340,8 мыңы немесе 54,4 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр. Биылғы алты айда облыс халқы 2521 адамға көбейді. Соның ішінде қалалықтар қатарына 3126 адам қосылса, ауылдықтар 605-ке азайды. Бірінші жартыжылдықта 5653 сәби дүниеге келді, бұл өткен жылғыдан 1,3 пайызға кем. Қала мен облыстың төрт ауданында, әсіресе, Бөрліде нәрестенің өмірге келу көрсеткіші 3,5 пайызға артып отыр. Бөбектердің 2688-і немесе 47,5 пайызы Орал қаласында туылған.