БҚО: Қаратөбеліктер Отан қорғаушы күнін кеңінен атап өтті

ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Отан қорғаушы күні кең көлемде атап өтілді.
None
None

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин барша жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, оларға бейбіт өмір, толайым табыс тіледі.
Айшықты мереке күні марапатқа ие болғандардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Құрманғали Ысқақов пен Фазыл Ихсанов та бар.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, қаза тапқандардың жесірлеріне, бейбіт өмірде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысқандар мен олардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысушы жауынгерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Өткен жылы Украина мемлекеті Луганск қаласы Изюм жері маңынан мүрдесі табылып, туған жер топырағына бұйырған жауынгер Баянғожа Қабашев жөнінде «Қазақстан - Орал» телеарнасының шығармашылық тобы түсірген «Қатарадағы жауынгер» деректі фильмі көрсетілді.
Сонымен қатар бұл күні аудан жұртшылығы сахна төріне қайта оралған аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған ұлт аспаптар оркестрінің концертін ерекше ықыласпен тамашалады. Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылған сазды бағдарламада әжелер ансамблі ән шырқап, күйшілер күй тартысып, термешілер ән шеруін өткізді. Дәстүрлі өнер отын үрлеген оркестр ұжымына аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев ақ батасын берді.
Осындай шаралар басқа аудандарда да өткізілді.

Соңғы жаңалықтар