«БҚО кәсіпкерлері қауымдастығы» бизнеске қолдау көрсетуде

АЛ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «БҚО кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында биылғы 1 қыркүйектен бизнес жүргізуге қызметтік қолдау көрсету жобасын жүзеге асыра бастады.
None
None

Аталмыш бағдарлама аясында кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есептер жүргізу, статистикалық есеп, заңгерлік кеңес сынды сервистік қызметтерді мемлекет есебінен тегін ала алады.

Бірлестіктің атқарушы директоры Миржан Сатқановтың сөзіне қарағанда, бұл жұмысты олар «Шағын бизнес орталығы» қауымдастығы, «Еуразия» гуманитарлық-экономикалық колледжі және «Әділет» республикалық ғылыми-білім беру орталығы» ЖШС-мен бірлесіп атқармақ.

Жобаны жүзеге асыру үшін өңірдегі барлық аудандық әкімдіктермен меморандумға қол қойылған. Барлық аудандарда қауымдастық өкілдері жұмыс жасайды. Осындай мамандар үшін семинар-тренингтер өткізілген. Сондай-ақ барлық ауданда кәсіпкерлер үшін шеберлік сағатын өткізу жоспарланған.

Аталмыш жұмыс 31 желтоқсанға дейін созылмақ.

Соңғы жаңалықтар