БҚО: кісі өлтірген шетелдік азамат 11 жылға сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әзербайжан азаматы Насраддин Рзаев ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 24 тамызда сағат 23.17-де Әзірбайжан азаматтары Н.Рзаев, Ф.Маммадов Грузия азаматтары Ф.Валиев және А.Гусейновпен бірге «Каспий» мейрамханасының жазғы бөлігінде арақ ішіп, сағат 01.45 шамасында одан шығып кеткен. Гусейнов үйіне қайтса, Рзаев, Маммадов, Валиев үшеуі «Променад» сауда үйіне қарай бет алған. Жолшыбай Рзаев пен Валиевтің арасында тұрмыстық мәселелер төңірегінде келіспеушілік туындап, соңы төбелеске айналған. Сол мезетте Рзаев Валиевтің қалтасынан жерге түсіп қалған пышақты алып, оған өлтіру мақсатында үш-төрт рет соққы жасаған. Соның салдарынан Валиев оқиға орнында көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар