БҚО құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында көші-қон саласында заңдылықтың сақталу мәселесі қаралды

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс прокуроры Жақсылық Байтықбаевтың төрағалығымен БҚО құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп,
None
None
онда көші-қон саласында заңдылықтың сақталу мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Отырыста алынған шараларға қарамастан, заңсыз көші-қонның тыйылмай отырғаны атап көрсетілді. Мәселен, Зеленов ауданындағы газ құбыры құрылысына тиісті рұқсатсыз 17 ресейлік азаматты пайдаланғаны үшін «Жайыққұрылыс» ЖШС-ына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. «Болашақ-Атырау» ЖШС компаниясында рұқсатқа сәйкес қызметкер компьютерлік қамту бөлімшесінде менеджер қызметін атқаруға тиіс болса да, шын мәнісінде мұнай өңдеу жөніндегі супервайзер жұмысын жасаған. Мұндай фактілер аз емес. Бұл қылмыстық жағдайдың күрделенуіне әкеліп соғады. Мысалы, 2008 жылы шетелдіктердің қатысымен 68 қылмыс жасалса, биылғы бірінші тоқсанда 19-ы тіркелген. 2008 жылы әкімшілік жолымен 259 шетелдік азамат елден шығарылса, биылғы үш айда олардың саны 72-ге жетіп отыр.
Соңғы жаңалықтар