БҚО: «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық турының қатысушылары Ақсай қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

ТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Бүгін «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық пойызы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласына келді.
None
None

Қонақтардың келуі құрметіне салтанатты митингіден кейін, турға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін қалалық саябақта армрестлингтен, кір тасы спортынан, арқан тартудан жарыстар өтті.

«Ауданда спортқа үлкен көңіл бөлінетіні бірден көрініп тұр, мұнда заманауи жабдықталған тамаша спорт орындары бар. Болашақта бұл жерден чемпиондар шығады деп ойлаймын», - деп атап өтті грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған құрамның келуі Қала күнімен тұспа-тұс болды. Бұл күні аудан мен қала тұрғындары мен қонақтарына сурет және қолданбалы өнер көрмесі, сондай-ақ нан-бөлке және кондитер өнімдерінің жәрмеңкесі ұсынылды.

Ауданда 60 мыңға тарта адам тұрады. Мұнда мұнай-газ саласының кәсіпорындары бар, Қаладан қашық емес жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кеніші орналасқан.

Соңғы жаңалықтар