БҚО-ның Ақжайық ауданында 23 413 сайлаушы тіркелді

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданындағы сайлау учаскелері алдағы науқанға дайын.
None
None

Күні бүгін ауданда 23 413 сайлаушы тіркелген.

№16 Жаңабұлақ учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Балхашевтің айтуынша, сайлауға әзір­лік толық аяқталды. Да­уыс беретін кабиналар қо­лайлы, жарық, дауыс беруші­лердің құқығына сай жабдықталған. Ауылға кел­­­ген-кеткен азаматтар ту­ра­лы мәліметтер жинастырылуда. Дауыс беруге құқылы 766 сайлаушы тізімге енді. Тізім әлі де нақтылану үстінде. Жекелеген азаматтар келіп, өздерінің ті­зімде бар-жоғын тексеруде. Кезекшілер жұмыстарын түнгі сағат 12-ге дейін атқарады.

Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына үміткерлер ел аралап, өздері сайлауға түсетін ау­мақтарда сайлаушылармен кездесу өткізіп, ел мүддесін көздеген өзекті ойлар айтылуда.

Соңғы жаңалықтар