БҚО-ның бас имамы кандидаттық диссертация қорғады

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл қажы Сейітбек «Исламдағы сунна ілімінің мәдени тарихи орны» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Имамның ғылыми жетекшісі - философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, сенатор Ғарифолла Есім. Диссертациялық кеңес мәжілісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы қатысып, дінді ғылыми тұрғыдан зерттеуге ден қойған имамға қолдау көрсетті.

Смайыл Сейітбек - дін саласы бойынша ғылым кандидаты атанған республикадағы екі имамның бірі.

Смайыл қажы осы ақпан айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Қожа Ахмет Ясауи симпозиуміне бас мүфтидің атынан қатысып, «Қожа Ахмет Ясауи, Ясауидің ақиқаты» тақырыбында түрік тілінде баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар