БҚО-ның бес ауданында прокуратура ғимараттары салынбақ

ОРАЛ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның бес ауданында биыл прокуратура ғимараттары салынбақ.
None
None

Облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың қатысуымен Қаратөбе, Сырым аудандары орталықтарында прокуратура ғимараттары құрылысы орнына салтанатты түрде капсула салынды. Облыс прокуроры жаңа ғимараттар заңдылық пен құқық тәртібін нығайту бағытында прокуратура органдары алдында тұрған міндеттерді орындауға септігін тигізетінін атап өтті.

Осындай шаралар облыс прокурорының орынбасары Әспенби Жарылғасовтың қатысуымен Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарында да өткізілді.

Соңғы жаңалықтар