БҚО-ның қоғамдық-саяси өміріне этномәдени орталықтар белсене қатысып келеді - М.Хасанов

ОРАЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалық етуімен облыстық ассамблеяның кеңейтілген кеңесі болды.
None
None

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы ХVІІ сессиясының қорытындылары, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес алда тұрған міндеттер талқыланды.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Максим Хасановтың айтуынша, өңірде барлығы 14 этномәдени орталық жұмыс жасайды. Олардың бәрі де облыстағы қоғамдық-саяси өмірге барынша белсене қатысып келеді. Аталмыш орталықтар алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнін де бірлесе атап өтпек. «Біздегі көп ұлтты халқымыздың бірлігі Батыс Қазақстан облысында орын алған су тасқыны кезінде де айқын көрінді. Этномәдени орталықтар ұйымшылдықпен зардап шеккендерге қолдарынан келгенше көмек көрсетті. Мұның өзі біздің тойда да, қиындықта да үнемі бірге екенімізді тағы бір дәлелдейді. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында облысымызда ел бірлігін нығайта түсу мақсатында біраз шаралар жоспарланып отыр», деді М.Хасанов.

Соңғы жаңалықтар