БҚО-ның облыс орталығынан алты ауданға қатқыл табанды жол тарту үшін 22 млрд.-тан астам теңге қажет - Н.Ноғаев

ОРАЛ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Облыс орталығынан алты ауданға қатқыл табанды жол тарту үшін 22 млрд. астам теңге қаржы қажет.
None
None

Бұл туралы 3 наурыз күні жұртшылық алдында есеп берген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

Әкімнің айтуынша, жол салуға Үкіметтен көмек сұралуда.  Өйткені автожолдардың жағдайы облыста өте көкейтесті мәселе болып қалып отыр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымды, ал республикалық жол ұзындығы 1,3 мың шақырымды құрайды. Оның 1 мың шақырымы немесе 19 пайызы ғана қатқыл табанды жолдар. Республика бойынша бұл көрсеткіш БҚО-дан үш есеге көп - 61 пайыз. Облыстағы 450 елді мекеннің 62-сіне ғана қатқыл табанды жолмен баруға болады.

Былтыр облыстағы барлық санаттағы жолдарға күрделі жөндеуге, күтіп ұстауға 2 850 млн. теңге жұмсалды. Бұл, әрине, БҚО жолдары үшін теңізге тамған тамшыдай.

Соңғы жаңалықтар