БҚО-ның Зеленов және Тасқала аудандарында тасқын су зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде

Мұны облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов үнемі бақылауда ұстап отыр.
Зеленов ауданында тұрғындарға ауыз су жеткізу, электр жарығын тарту үшін бағандар орнату, газ құбырын жүргізу жедел түрде қолға алынып, жұмыс аяқтала келді. Ал баспанасыз қалғандар мен үйлерін жөндеуді қажет ететіндерге жергілікті құрылыс мекемелері көмек көрсетуде. Жалпы, бұл жұмыстар 15 шілдеде толық аяқталады деп жоспарлануда.
Тасқалада да жұмыс ширай түскен. Ауданның шеткі аймағында «Болашақ» деген ауыл бой көтеріп, онда тасқынның салдарынан үй-күйсіз қалған 72 отбасына арнап баспана тұрғызылмақшы. Құрылысты жергілікті құрылыс мекемелерінің құрылысшылары жүргізеді. Ал аталмыш отбасылардың қолы бос тұрғындары қолғабыс беріп, өз баспаналарын тұрғызуға жәрдем ететін болады.