БҚО полицейлері бір күнде екі қылмыс жасағандарды ұстады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының полицейлері облыс тұрғынының үйіне қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен екі азаматты қылмыстың «ізін суымай» қолға түсірді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None

«Тексере келе, ұсталғандардың біріне кісі өлтіргені үшін бұдан бұрын іздеу жарияланғандығы анықталды. 25 сәуір күні Зеленов ауданының Январцево елді мекенінде беттеріне бетперде киген екі кісі үйдің есігін бұзып, 22 жастағы азаматтың үйіне басып кіреді де, үй иесін пышақпен қорқытып, 11,5 мың теңге мен 2 ұялы телефонды қолды қылады», - деп атап өтті Н. Ораз.

Оның келтірген мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері аталмыш елді мекеннің 31 жастағы тұрғыны мен кәмелет жасқа толмаған балалар үйінің тәрбиеленушісін қолға түсірген. Тергеу амалдарын жүргізу барысында сол күні қараусыз қалған үйдің ауласынан буындырып өлтірілген 25 жастағы ауыл тұрғынының денесі табылған. Бұл қылмысқа жоғарыда аталған екі күдіктінің үлкенінің қатысы бар екендігі анықталған.

«Қарақшылық шабуыл мен кісі өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Дәлел базасын нығайту мақсатында жедел-тергеу іс-шараларының кешенді жұмыстары жүргізілуде», - деп түсіндірді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар