БҚО сотында алғашқы жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды

ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2013 жылғы бірінші жартыжылдықтың жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген жалпы отырыс болды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы сот процестерін айтарлықтай жетілдіре түсті. Сот үкімдері мен шешімдерінің сапасы артты. Облыстық соттың апелляциялық, кассациялық сот алқалары қайшылықтар мен дауларды өңірлерде түбегейлі шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа заңнамалар істерді сөзбұйдаға салуға шектеу қоюдың мүмкіндіктерін артырды.

Есепті мерзім Батыс Қазақстан облысының соттарында азаматтық істердің арта түскендігімен ерекшеленеді. Алты ай ішінде облыс соттарына 1235 арыз бен 175 іс түсіп, түскен 10329 арыз бойынша сот өндірісі қозғалды. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда айтарлықтай көп.

Бұзылған және өзгертілген істердің саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда басымырақ. Әсіресе, бұзылған істер санының көбейгені байқалады. Мәселен, 2012 жылы алғашқы жартыжылдықта 16 азаматтық іс бұзылса, биыл 40 іс бұзылып отыр. Бұзылған және өзгертілген шешімдердің басым бөлігі №2 Орал қалалық сотының үлесіне тиеді. Бұл сотта өткен жылғы жартыжылдықпен салыстырғанда, шешімдердің бұзылуы 15, өзгертілуі 6 іске ұлғайып отыр.

Бірінші жартыжылдықта азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасында 59 ұйғарым бұзылып, 5 ұйғарым өзгертілген.

Сот процестерінде дыбыс-бейнежазба құралдары кеңінен пайдаланылуда. Жартыжылдықта облыс соттарында 14 747 іс дыбыс бейнежазба құрылғыларының қолданылуы арқылы қаралса, соның ішінде 11 мыңға тарта іс дыбысжазба, 2 мыңға тарта іс бейнежазба арқылы қаралды. Бұл - жартыжылдықта қаралған барлық істің 86,6 пайызы.

«Медиация туралы» заңның сот процестерінде барған сайын батыл қолданылуы тараптар арасындағы бітімгершілік ахуалын кеңейтіп, әлеуметтік қайшылықтардың тез және түбегейлі шешілуіне ықпал етеді. Есепті мерзім ішінде облыста 26 азаматтық іс медиаторлардың қатысуымен қаралды. Бұл жалпы қаралған істердің 3 пайызы ғана. Азаматтық іс жүргізуде медиаторлар қаржыны өндіруге, заңсыз салынған құрылысты бұзуға міндеттеуге, баламен қарым-қатынастың мерзімін анықтауға, мүлікті басқаның заңсыз иеленуінен қайтарып алуға қатысты істерге қатысқан.

Қазіргі заң талабы бойынша апелляциялық сот сатысында қаралған сот қаулылары кассациялық сатының сүзгісінен өтеді. Сот актілерін қайта қарау барысында 11 апелляциялық сот қаулысы бұзылып, 12 қаулы өзгертілді. Бірінші саты соттарының 6 шешімі бұзылып, 4 шешімі өзгертілді.

Жартыжылдықта өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда, соттарға түскен ғана емес, қаралған да әкімшілік істердің саны ұлғайды. Алты айда облыс соттарына 8953 әкімшілік іс түсіп, 8087 іс қаралды. Өткен жылы осы мерзімде 6089 әкімшілік іс түсіп, 8087 іс қаралып еді. Сөйтіп, өткен жылғы осы мерзімдегіден 2568 іс артық түсіп, өсім 32 пайыз құрап отыр.

Алты айда облыс соттарында 826 қылмыстық іс қаралып, қаралған қылмыстық істердің саны 16,3 пайызға артты. Дегенмен облыс соттарында қылмыстық істерді қарау көрсеткіші өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда нашарлап кетті. Есепті мерзімде 29 тұлғаға қатысты іс бұзылып және өзгертіліп, барлық қаралған істердің 3 пайызын құрап отыр. Өткен жылы осындай уақытта 10 тұлғаға қатысты іс бұзылып, барлық қаралған істердің 1,3 пайызын құраған еді.

Жартыжылдықта апелляциялық сот алқасында 275 қылмыстық істер мен материалдар қаралды. Бұл өткен жылғыға қарағанда істердің көбейгенін көрсетеді.

Облыстық соттың жыл қорытындысына арналған жалпы отырысында сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Өмірсерік Қожабаев облыста тұтастай алғанда сот төрелігін атқарудың көрсеткіші жаман еместігін және бірқалыпты екендігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум