БҚО сотының музейі ашылды

ОРАЛ. 11 шілде. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық сотының музейі ашылды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО сотының төрағасы Қамбар Нұрышев музей ашуда Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ищанов пен облыстық соттың баспасөз хатшысы Амангелді Шахиннің еңбегін атап өтті. Сот тарихына байланысты көптеген материалдар жинақталды. Сондай-ақ бұған өңірдегі байырғы музей қызметкері Сара Танабаева сүбелі үлесін қосты.

Музейде сирек мұрағаттық құжаттарға, құнды жәдігерлерге орын берілген.

Соңғы жаңалықтар