БҚО тарихи-өлкетану мұражайына шыңғырлаулық балғын таланттардың туындылары қойылды

АЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Жауқазын» қолөнер көрмесіне шыңғырлаулық балғын дарындардың туындылары қойылды.
None
None

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жауқазын» көрмесіне бұдан бұрын бес ауданның жас таланттары өз шығармаларын әкеліп, көрсеткен болатын. Бұл жолы 40-тан астам қолданбалы өнер туындылары келушілер назарына ұсынылды. Олардың арасында теріден, ағаштан, бисерден, саздан, қағаздан жасалған жұмыстар баршылық. Әсіресе, Азиадаға, Қазақстан болашағына арналған шығармалар ерекше көз тартады.

Аталмыш ауданда аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында 300-дей оқушы ісмерлікпен айналысады. Декоративтік-қолданбалы өнер үйірмесінің жетекшісі Айнұр Мергембаеваның айтуынша, ауданда талантты балалар аз емес.

Шыңғырлаулықтар көрмесі 13 қазанға дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар