БҚО театрының жиырмасыншы маусымы ашылды

ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының жаңа жиырмасыншы маусымы 21 қазан күні Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясымен ашылды.
None
None

Аталмыш спектакльді режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов 2003 жылы қойған болатын. Содан бері үзбей қойылып келе жатқан спектакльде бұл жолы Махамбет ролінде Қуаныш Амандықов ойнаса, Исатайды Ербол Есендосов сомдады. Теміржан Матаев Жәңгір хан бейнесінде көрінсе, Айнұр Болатова Фатиманы сахнаға алып шықты. Басқа да рольдерде театрдың белді әртістері ойнады.

Спектакль соңынан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиырмасыншы маусымның ашылуымен құттықтап, театрдың қоғамдағы орны зор екендігін атап көрсетті. Қостанай қаласында Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінен тоғыз жүлденің жетеуін жеңіп алып келген театр директоры Құжырғали Төлеуішев, бас режиссері Мұқанғали Томанов бастаған жүлдегерлерге алғысхат табыс етті.

М.Томанов көп ұзамай жаңа қойылымды сахналауға кіріспекші. 

Соңғы жаңалықтар