БҚО тұрғындарында 13 мыңнан астам қару бар

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы тұрғындарында қазіргі кезде 13 мыңнан астам қару бар.
None
None

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру және сатып алу бағытында түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Тек өткен жылы тұрғындардан 30 млн. теңгеге 600-ден астам қару сатып алынды.

Атыс қаруының иелері мекенжайын өзгерткен жағдайда ішкі істер органдарына хабарласып, бұрынғы жерден есептен алып, жаңа мекенжайын көрсетуі, кейін жеті күн ішінде осында тіркетуі тиіс. Өкінішке қарай, бұл заңдылықты сақтамайтындар кездеседі. Мұндай жағдайда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар