БҚО: «Үміт» гимназиясының түлектері түгелдей грант иегері атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Подстепный ауылындағы «Үміт» тілдер гимназиясының 29 түлегі түгелдей білім грантын иеленді.
None
None

Гимназия директоры Дариға Мұштанованың айтуынша, бұл - сынып жетекшілері Ақтолқын Қисымова, Күләш Наурызғалиева, басқа да ұстаздардың жылдар бойғы еңбегінің жемісі екені даусыз.

ҰБТ қорытындысына сәйкес, биыл 29 шәкірттің 17-сі «Алтын белгіге», алтауы үздік аттестатқа қол жеткізген болатын. Орташа балл 117,8 болса, түлектердің ең төменгі балы - 107. Республика бойынша 125 балды иеленген жастың бірі Сымбат Самат та осы гимназияда оқып шықты. Соның нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жасаған рейтингіге сәйкес «Үміт» тілдер гимназиясы ҰБТ-да орташа балы жоғары болған 100 мектептің арасынан суырылып шығып, көш бастады.

Айта кетейік, 2001 жылы отау тіккен «Үміт» тілдер гимназиясын содан бері 300 шәкірт бітірсе, соның 95-і «Алтын белгіге», төртеуі ең жоғары балға ие болды. 21 түлек «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды.

Соңғы жаңалықтар