БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Аян Қажимерұлы Сакошев конкурстық негізде Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

null
Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Қ.Сакошев 1987 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша үздік бітірген. Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің менеджмент мамандығы бойынша магистрі.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебінде оқығаны туралы сертификаттары бар.

null

2006-2010 жылдары «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде бас сарапшы, сараптама және жобалар бөлімінің басшысы болып істеді.

2010-2013 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшылығының жастар жобалары бөлімінің сарапшысы, кеңесшісі, меңгерушісі қызметін атқарған.

2013 жылдың ақпанынан бастап «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы.

Жастар саясатын дамыту мәселелерімен, жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысқан, басқарушылық жұмыста іс-тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар