БҚО жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы шартты түрде бес жылға сотталды
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2010 жылдың қыркүйек айында Ғ.Жанғалиевтің Е.Омаровқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді түгендеу жұмыстарының мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде өз көмегін көрсетуді ұсынғандығы сотпен анықталды. ЖШС жеңімпаз деп танылған жағдайда жұмыстардың бір бөлігі тиісті төлем үшін Жанғалиевтің өзімен орындалады деген шарт қойылған. Бұдан әрі 2010 жылғы 14 қазанда ЖШС мен ММ арасында жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындауға №1 келісім-шарт жасалған. Өз қызметтері үшін Жанғалиев Омаровтан 4,5 млн. теңге алған. 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №1178 сот-бухгалтерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес құжат негізіндегі ЖШС 15,4 млн. теңге шығынының 4 264 359 теңге сомасы ғана расталды. Сонымен қатар, Ғ.Жанғалиев заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан, аталған ЖШС кәсіпкерлік қызметіне жеке қатысқан. Аталған фактілер жер туралы заңнаманың қолданылуына тексеріс жүргізу барысында анықталып, оның қорытындысы бойынша прокурорлық тексеру материалдары негізінде қаржы полициясы қылмыстық іс қозғаған болатын.