Блогер - бірінші кезекте өз елінің патриоты - Қазақстанның интернет қауымдастығы басшысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Азаматтық патриоттық позицияға ие адам ретінде Қазақстанның Интернет қауымдастығы президенті Серікқазы Қакибаланов блогерді атады.
None
None

«Қазіргі заманғы блогер - бұл 25-30 аралығындағы адам. Көбінесе ол жекеменшік компания немесе БАҚ қызметкері. Блогерлер не биліктің, не басқа да күштердің саясатын жақтамайды. Олар өз алдарына еркін. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын анық білдіреді. Бірінші кезекте, бұл - өз елдерінің патриоттары», - деді С.Қакибаланов Қарағандыда 23 наурыз күні өтіп жатқан Қазақстан блогерлерінің 4-форумы барысында.

Оның келтірген мәліметтері бойынша, форумға елдің барлық өңірлерінен 100-ден астам блогерлер келген. Алқалы жиынға қатысушыларды Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев құттықтады. «Мен Қазақстан блогерлерінің 4-форумы Қарағандыда өтіп жатқанынан қуаныштымын. Бұл жерде ел Президентінің еңбек және саяси жолы басталған. Бүгінгі форум жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктердің алаңына айналады деп ойлаймын», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, форумның басты мақсаты - Қазнетті дамыту. Шараның бағдарламасында «Қазақтілді контент пен секторды дамыту», «Қазіргі замандағы блогерлерлің рөлі», «Стартап-жаңа медиадағы жобалар» тақырыптары бойынша отырыстар өткізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар