Бөкей ордасы ауданы зардап шеккен тұрғындарға малдай да көмектеспекші

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөкей ордасы ауданы БҚО-дағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға малдай да көмектеспекші.
None
None

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның айтуынша, Тасқала ауданына 110-дай қой жеткізілмекші. Тасқала ауданын кезінде Бөкей ордасы ауданының қазіргі әкімі Рахман Карин басқарған болатын. Бөкейордалықтар сондай-ақ Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округіне онға жуық ірі қараны апарып бермекші.

Аудан мекеме-ұйымдарының қызметкерлері 2 млн. теңгедей бір күндік жалақыларын зардап шеккендер қорына аударған болатын. Басқалай да көмек беру жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар