Бөкей ордасы ауданын газдандыру жұмыстары жалғасады деп сенеміз - Ч.Қойшыбаев, БҚО

ОРАЛ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданын газдандыру жұмыстары жалғасады деп сенеміз. Бұл туралы таяуда ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев айтқанда қуанып қалдық.
None
None

Аудан орталығында тұратын зейнеткер Чарльз Қойшыбаев өз ойын осылайша білдірді.

«Шыны керек, Жәнібек ауданы арқылы тартылатын көгілдір отынды сайқындықтар 12 жыл бойы күткен еді. 2009 жылдан бері аудан тұрғындары табиғи газдың рақатын көріп отыр. Егер облыс басшылығына шеттен адам келетін болса, бұл жұмыс тоқтап қала ма деген қауіптің болғанын жасырмаймыз. Сондықтан облыс әкімі болып осы өңірде бұрыннан жасайтын Нұрлан Ноғаев тағайындалғанда, біз шынымен қуандық. Бүгінде аудандағы 7 округтің төртеуіне көгілдір отын тартылған.

Аудан ішінде де көзге көрінер біраз жұмыстар атқарылды. Жаңа баспаналар мен еңселі ғимараттар салынып, ауыл ажарлана түсті. Аудан әкімі Рахман Кариннің есеп беру жиналысына арнайы келген облыс басшысын бөкейліктер зор қошеметпен қарсы алды. Әсіресе, көргені мен түйгені мол біз сияқты қарияларға облыс басшысының халқын сүйетіні, қазақы сөзге шешен әрі көсемдігімен қатар кішіпейіл мінезі сүйсінтті.

Облыс басшысы да аудан әкімінің жұмысына оң баға берді. 2004 жылы үкімет полигоннан зардап шеккен мүгедектерге республикалық бюджеттен жәрдемақы төлеу жөнінде мәселе қозғаған болатын. Бірақ ол күшіне әлі енген жоқ. Сондай-ақ полигоннан зардап шеккендерге облыстық бюджеттен бөлінетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, Ресейден Сайқын стансасы арқылы өтетін пойыздарды тоқтату, 600 шақырымдық қашықтықта орналасқан облыс орталығына қатынаудың қиындығын ескеріп, теміржол арқылы қатынаудың ұтымды жолын қарастырса деген тілегімді жеткіздім», деді ардагер.

Соңғы жаңалықтар