Бөкей ордасында малдәрігерлік зертхана ғимараты пайдалануға берілді - БҚО

ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында аудандық малдәрігерлік зертхана ғимараты ашылды.
None
None

Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін еселеп көбейту бағытында етті мал өсіруге баса көңіл бөлінген еді. Мұның төрт түлік мал өсірумен айналысатын Бөкей ордасына тікелей қатысы бар. Қазіргі кезде асыл тұқымды мал басын көбейтуге ерекше назар аударылуда. Сондықтан аталмыш зертхананың маңызы зор.

Үлгі жобамен, заман талабына сәйкес салынған зертхана құрылысын «Азиятехстрой» ЖШС (басшысы Армат Әлімбетов) жүргізді.

Соңғы жаңалықтар