БОКС: Патрик Аллотеймен жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам ашық жаттығу өткізді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондық белбеуі үшін ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шығатыны белгілі. Өз елінде өткізгелі отырған жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам бүгін Алматыдағы «Мега» сауда орталығында көпшілік алдында жаттығу өткізді.
None
None

null
Бүгінгі Қанат Исламның ашық жаттығуы сауда орталығының үшінші қабатында өтіп жатыр. Спорттың қойылымды тамашалауға келген жұрттың қарасы көп.

null null
Осыдан бір ай бұрын 23 қыркүйекте баспасөз мәслихатын өткізген Қанат өз еліндегі алғашқы жекпе-жектің жүгі ауыр екенін айтқан болатын.
«Тұңғыш рет өз елімде кездесу өткізгелі отырмын. Бұл үлкен жауапкершілік. Қарсыласым осал емес. 36 кездесу өткізіп, оның 28-ін нокаутпен жеңген. Жерлестерімнің қолдауына сенемін. Қазіргі жаттығуым IBA академиясында өтіп жатыр», - деген болатын Қанат Ислам.
Бұл спорт кешенінің қазақ жанкүйерлері үшін тағы бір ерекшелігі, онда жас спортшы, Рио Олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста алғаш рет өз бағын сынайтынын айта кетейік.

null null

null
Жәнібек алғашқы кездесуін колумбиялык Милтон Нунеспен өткізеді.
Атап өтерлігі, 29 қазанда «Алматы арена» мұз сарайында өтетін айтулы бокс кешінде еліміздің кәсіпқой боксшылары: Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәріпбаев, Айдос Ербосынұлы сынды былғары қолғап шеберлері шетелдік кәсіпқой спортшылармен қолғап түйістіреді.

null  




Соңғы жаңалықтар