Боксшы Данабек Сужанов үшін Олимпиада жүлдесі жарыс жолы тәмам

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Лондон түрінде 75 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген боксшымыз Данабек Сужанов үндістік қарсыласы Вижендер Сингхқа 14:10 есебімен есе жіберіп, жарыс жолын аяқтауға мәжбүр болды,
None
None

деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Алғашқы екі раунда біздің былғары қолға шеберіміз үндіске аз ұпаймен есе жібергенімен, одан осал еместігін көрсеткен еді. Ал үшінші кезеңде барын салған Данабекке қарсыласы еш мүмкіндік бермеді, есеп - 14:10. Осылайша 75 келіге дейін салмақ санатындағы боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды.

Бокстан ҚР ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов шәкіртінің лайықты өнер көрсеткендігін айта келе: «Ол өзінің жекпе-жегін жақсы деңгейде өткізді. Дегенмен оған сәл ғана шеберлік жетіскен жоқ», - деді.

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға 60 және 69 келі салмақ санатына дейінгі боксшыларымыз шығады. Ғани Жайлауов Астана уақыты 18:30-да басталатын күндізгі сессияда жұдырықтасады. Оның қарсыласы - тайландтық Арди Сайл. Ал С.Сәпиев рингке екінші айналымда көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар