14:31, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Боксшы Ілияс Сүлейменов: Қарсыласым қолайсыз әрі аса биік болды
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Лондондағы Олимпиадада швед спортшысы Саломо Нтувені жеңген қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов өзінің алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді,

деп хабарлады Vesti.kz . сайтының тілшісі.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы шведті 13:8 есебімен жеңді.
«Аздап шаршадым, бірінші жекпе-жек ауыр тиді. Қарсыласым ыңғайсыз әрі менен әлдеқайда ұзын болды, бұл жағдайды жеңілдеткен жоқ. Дегенмен біз бұл жекпе-жекке дайындалдық, жеңіске жеткеніме қатты қуаныштымын», - деп ағынан ақтарылған спортшының сөзін келтірді Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
«Менің келесі қарсыласым да осал емес, енді сол жекпе-жекке дайындаламын», - деді ол.
3 тамызда өтетін жекпе-жектің 1/8 финалында І. Сүлейменов британдық спортшы Эндрю Селбимен кездеседі.