Боксшы Жайна Шекербекова Олимпиада жолдамасын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 51 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының боксшысы Жайна Шекербекова Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, "Рио-2016" Олимпиадасының жолдамасына ие болды.
None
None

Ширек финалда ол неміс боксшысы Азиза Ниманиді 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, қыздар құрамасында екі Олимпиада жолдамасы бар. Бұның алдында Қытайда өткен жарыста Дариға Шәкімова төртжылдықтың басты додасына қатысуға мүмкіндік алған болатын. Жалпы Қазақстан қоржынында 83 жолдама бар.

Бұның алдында әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі) мен Валентина Хальзова (69 келі) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.

Соңғы жаңалықтар