«Болашақ» АӨІСШК Жастар кеңесінде таныстырылды (ФОТО)
«Халықаралық сарапшылар ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы транзиттік экономикалы елдер үшін адам әлеуетін дамытудың үздік моделі екенін атап өтуде. АӨІСШК мүше-мемлекеттерінің көптеген елдерінде жастарды қолдаудың әртүрлі шаралары жұмыс істейді. Бірақ та «Болашақ» бағдарламасына ұқсас жобалар жоқ деуге болады», - деді ол.
Ғ.Нығыметов АӨІСШК елдері үшін «Болашақ» тәжірибесі жастардың қолдаудың тиімді құралы және «әлеуметтік лифт» ретінде қызықты деп атап көрсетті.
Қазақстан өкілі 1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» стипендиясының 22 жылдық тарихы, оның нәтижелері, жаңғыртудың негізгі бағыттары, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қауымдастығының қызметі туралы қысқаша айтып берді.
Отырысты Бүкілқытайлық жастар федерациясы ұйымдастырды. Шараға АӨІСШК қатысушы 14 елінен 26 делегат: Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш, Камбоджа, Израиль, Қырғызстан, Моңғолия, Палестина, Таиланд, Пәкістан Түркия және Вьетнам өкілдері қатысуда.
Еске сала кетейік, Жастар кеңесі АӨІСШК-тің консультативтік органы, оны құру туралы шешім Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитінде (2014 жылғы мамыр, Шанхай) қабылданды.
АӨІСШК Жастар кеңесінің алғашқы бейрәсми отырысы 2014 жылы ҚР-ның Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында өтті.
Қазақстан АӨІСШК гуманитарлық өлшемдерінің үйлестіруші елі болып табылады.