«Болашақ» бағдарламасына сәйкес БҚО бойынша 45 жас 9 шетелде білім алуда
Облыстық білім басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның 22-сі Ұлыбританияда, 13-і АҚШ-та, қалғаны басқа мемлекеттерде. Осылардың 22-сі бакалавриатта, 21-і магистратурада, біреуі докторантурада оқуда. Соның ішінде алтауы техникалық, бесеуі экономика және менеджмент, төртеуі халықаралық қатынастар мен мемлекеттік басқару, 10-ы ақпараттық технологиялар, бесеуі құрылыс, екеуі экология, жетеуі мұнайгаз, екеуі медицина, үшеуі энергетика мен химия, біреуі педагогика мамандығын меңгеруде.
«Болашақ» бағдарламасы енгізілгеннен бері облыс бойынша 96 студент өз оқуын аяқтады. 2001 жылы бір адам ғана бітірсе, 2010 жылы олардың қатары - 32, 2011 жылы - 28, 2012 жылы 18-ге жетті.
Өңірде аталмыш бағдарламаға сәйкес тағылымдамадан өту үшін үміткерлерді іріктеу сапалы жүргізілді. Соның нәтижесінде сынақтан сәтті өткен 6 педагог осы сәуір айында шетелде оқуға жиналуда. Атап айтқанда, бұлар - Теректі ауданындағы Ақсуат, Орал қаласындағы №42 және №7 мектеп мұғалімдері, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж бен Орал газ, мұнай және салалық технололиялар колледжі оқытушылары.
Сонымен қатар 2005-2012 жылдары аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 16 түлегі мен 3 қызметкері «Болашақ» бойынша білім алып шықса, қазіргі кезде 9 түлегі мен 1 қызметкері оқуын жалғастыруда.