15:50, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Болашақ Еуразия экономикалық одағын институттандыру толық қарқынмен жүріп жатыр - сенатор Анатолий Башмаков
АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Біз Еуразия экономикалық одағын құруда экономикалық, кедендік салықтық, бюджеттік бағытағы процедураларды үйлестіруде 70 заң қабылдадық. Оны ҚР Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков бүгін Алматыда өтіп жатқан «Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық үдерістері және заманауи әлем» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
«Болашақ Еуразия экономикалық одағын институттандыру толық қарқынмен жүріп жатыр. Біз 2015 жылды Еуразия экономикалық одағын құру жылы деп белгіледік. Оған дейін одақтың заңнамасын үйлестіру үшін тағы әртүрлі 30 заңды қабылдайтын боламыз», - деді А. Башмаков. Оның айтуынша, Еуропалық одақ депуттарымен болған түрлі кездесулер кезінде Қазақстанның Ресей, Беларусь, Украина елдерімен емес, Еуропалық Одақпен ынтымақтасуына мүдделі екенін айқын аңғартқан. Сондай-ақ 30 қазанда ҚР Парламентінде Қазақстанның Еуропалық одақпен парламенттік ынтымақтастық комитетінің ХІ мәжілісі өткен. Еуропалық одақтың 8 депутаты қатысқан бұл басқосуда қызу пікірталастан кейін Брюссель Қазақстанмен экономикалық-сауда қатынастарын дамытуға ынталы екенін жеткізген.