«Болашақтың» павлодарлық стипендиаттары «Зияткерлік диалог» өткізді

ПАВЛОДАР. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Беделді шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері атанған халықаралық олимпиадалардың павлодарлық жүлдегерлері биылғы жылғы ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.
None
None

«Зияткерлік диалогқа» арқау болған басты тақырып - олимпиадалық қозғалыс пен президенттік «Болашақ» бағдарламасы болды. Осы бағдарлама бойынша шетелде білім алып жатқан павлодарлық стипендиаттар - Даулет Жанғозин (Сингапур), Нұрсұлтан Балтабаев (Ұлыбритания), Жәнібек Датпаев және Самал Жүсіпбекова (АҚШ) - «болашақтықтардың» павлодарлық мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арнап шеберлік сабақтарын өткізу туралы ұсыныстар енгізді.

Студенттер өз демалыстарының уақытында павлодарлық жас дарындармен сабақ өткізу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар