04:07, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
Болат Аюхановтың балеті Ақ Жайықта өнер көрсетпек
ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - 4-6 мамыр аралығында Орал қаласындағы Жастар сарайында Болат Аюханов балетінің мерейтойлық кештері өтеді.

Әлемге танымал Б.Аюханов бастаған алматылық балетшілер 4 мамырда П.Чайковскийдің «Аққу көлін» және «Орақ пен балға» атты шығарманы сахналайды. 5 мамырда дәуірдің ұлы балеті деп танылған Т.Готьенің «Жизель», Ж.Бизенің «Кармен-сюитасын» қоймақшы. Ал 6 мамырда П.Чайковскийдің «Анна Павлова - орыс балетінің аққуы» мен И.Корнелюктің «Шебер мен Маргарита» қойылымдарының премьерасы болады. Осы қойылымдардың үзінділерін 7 мамыр күні облыстық қазақ драма театрының сахнасынан көруге болады.