Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 инвестициялық бағдарламасының орындалуын жеделдетіп отыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 24-і ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 өндірістік қуаттылығын 3500 МВт-қа жеткізуді бұған дейін мәлімдегендей 2015 жылы емес, одан 1 жыл бұрын 2014 жылы жүзеге асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақмыс тобының баспасөз компаниясына сілтеме жасап.
None
None

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 (ЕГРЭС-1) бұған №2 энергоблокты реабилитациялау жөніндегі инвестициялық бағдарламасындағы кезекті тармағының орындалуын жеделдету арқылы қол жеткізбек. Жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларынан асатын ЕГРЭС-1 инвестициялық бағдарламасы электр стансасының жобалық қуаттылығын бастапқы қалпына келтіруді жəне экологиялық көрсеткіштерді жақсартуды мақсат тұтып отыр.

Бағдарламаны іске асыру мерзімдерінің жеделдетілуі кəсіпорынның үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында жағымды өндірістік жəне қаржылық көрсеткіштерге жетуінің арқасында мүмкін болып отыр. №2 энергоблоктың негізгі жəне қосалқы жабдықтарын толықтай қалпына келтіру жұмыстары биыл төртінші тоқсанда басталады, ол осыдан бұрын бекітілген жоспардың орындалуын бір жылға алға шегеріп отыр. Осы мақсаттарға ЕГРЭС-1 меншікті

қаражатынан 410 миллионға жуық АҚШ долларын бөліп отыр. Операциялық жəне техникалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін кəсіпорында қосымша 40 жұмыс орны ашылатын болады.

Соңғы жаңалықтар