Болгарияның ірі қалаларында тұрғындар Үкіметке қарсы наразылық шеруіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні ондаған мың азамат София мен Болгарияның ірі өңірлік орталықтарының көшелеріне шығып, 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасының қабылдануына қарсы наразылық білдірді. Бұл туралы болгариялық ВТА агенттігі хабарлады.

наразылық, Болгария
Фото: ВТА

Наразылық акциялары Пловдив, Варна, Бургас, Русе, Плевен, Стара-Загора, Ловеч, Велико-Тырново, Добрич, Благоевград, Сливен, Шумен және Ямбол қалаларында өтті.

Софияда «Треугольник власти» алаңында мыңдаған адам жиналып, «Отставка!» деп ұрандатты, олар үкіметтің таратылуын талап етіп отыр.

Бұл наразылық шеруін «Продолжаем перемены – Демократическая Болгария» коалициясы ұйымдастырды.

Бастапқыда акция бейбіт өтті: қатысушылар ән айтып, би билеп, қолдарындағы жалауларын желбіретіп көңіл көтерді. Кейін Парламент ғимаратының сыртына «Отставка и тюрьма», «Мафия» деген жазулар көрсетілді, плакаттарда бюджетке қатысты талаптар қойылды.

Дүйсенбі күні кешке наразылық акциясы София орталығындағы ГЕРБ және ДПС-тің «Новое начало» кеңсе ғимараттарына ауысып, қарқыны күшейді. Танымал телеарналардың кадрларында маска таққан наразылар мен полиция қызметкерлері арасындағы қақтығыстар көрсетілді: өртенген қоқыс жәшіктері және жойылған полицейлік көлік көрінді. Полиция наразыларға ащы газ шашқан, олардың көбісі сол сәтте маска таққан. BTA хабарлағандай, 10-нан астам адам ұсталды, бір полиция қызметкерінің аяғы сынған, тағы бірі ауруханаға жеткізілген.

Софияның кей бөлігінде электр жарығы өшті. Ұйымдастырушылар бейбіт наразылықты қолдап, арандатулардан сақ болуды ескертті.

26 қарашадағы акциядан кейін ГЕРБ төрағасы Бойко Борисов премьер-министр мен қаржы министріне бюджет жобасын қайтарып алуды тапсырды. Содан кейін жаңа келіссөздер басталып, бюджет жобасы бойынша диалог жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Германияда оңшыл жастар ұйымын құруға қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар